Құрметті оқырман!Атырау қаламгерлерінің шығармаларымен танысқыңыз келсе, «Біздің өлке» электронды дерекқорын пайдаланыңыз 1 қазан сағат 11.00 «Алаштың ардақтысы»/ақын, қоғам қайраткері,педагог Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл/ кітап көрмесі әдеби шолу 1 қазан сағат 11.00 «Қазақ өнерінің саңлағы » /театр және кино актері, режиссер, Қазақстанның халық артисі, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың туғанына 70 жыл/ суретті-иллюстративті көрме 2 қазан сағат 11.00 «Жүректен жүрекке жеткен»/3 қазан-Халықаралық музыка күніне орай/ диалог көрме 4 қазан сағат 11.00 «Ұстаздық еткен жалықпас..»/7 қазан-Мұғалімдер күніне орай/ мерзімді басылымдар көрмесі ақпараттық сағат 9 қазан сағат 11.00 «Ән сүйген ғұмыр»/композитор, Қазақстанның халық артисі Ә. Бейсеуовтің туғанына 80 жыл/ кітап көрмесі ақпараттық сазды сағат 17 қазан сағат 15.00 «Тұрақтылық пен татулық-жарқын болашақ кепілі»/18 қазан-Рухани татулық күніне орай/ дөңгелек үстел 18 қазан сағат 11.00 «Парасат биігіндегі қаламгер»/философ-этнограф, ақын,түркітанушы, аудармашы, «Академик З.Қабдолов атындағы»  және әдеби-тарихи-мәдени «Алшы» қорының төрағасы Бекет Қарашинның туғанына 65 жыл/ кітап көрмесі библиографиялық шолу 22 қазан сағат 15.00 «Қайралып, қайта лаулап мен келермін» /ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет және Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтардың иегері, мәдениет майталманы Қойшығұл Жылқышиевтың туғанына 70 жыл/ әдеби кеш 24 қазан сағат 11.00 «Сөнбейтін шырағы-шығармалары»/жазушы, драматург, прозашы, Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 95 жыл/ кітап көрмесі әдеби шолу 25 қазан сағат 11.00 «Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған» /ақын, ағартушы-демократ С.Торайғыровтың туғанына 125 жыл/ кітап көрмесі ақпарат сағаты 29 қазан сағат 11.00 «Балалар әдебиетінің бағбаны» /ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, публицист, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл/ кітап көрмесі

«Мәңгілік ел идеясы – ақпараттық кеңістікте» атты облыстық семинар өткізілді.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен және «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп «Мәңгілік ел идеясы – ақпараттық кеңістікте» атты облыстық семинар өткізілді. Шараға облыстықкітапханалар басшылары мен мамандары, қалалық, аудандық ОКЖ директорлары, білім беру бөлімі және кәсіптік білім мекемелерінің кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинар Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы А.Б.Нысанғалиевтің және«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталағы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі М.А.Ғалымжанованың сөзімен ашылды.
Шара барысындаҒ.Сланов атындағы ОҒӘК басшысы Г.Х.Қалиева «Ақпараттық қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік және мәдени мәнін арттыру» тақырыбында, Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Н.Самаликова «Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі кітапхана қызметі» тақырыбында, хабарлама жасады.Сонымен бірге, Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі М.Н.Сисеналиева «Бабалар мұрасы – ұрпаққа аманат» атты акциясының жүру барысы туралы ақпарат берді.
№1 қалалық ОКЖ директоры Г.С.Шайхашева«Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтардың өміршеңдігін қалыптастырудағы кітапхана басымдықтары» тақырыбында, Құрманғазы ОКЖ директоры Б.А.Габдулова«Толықмәтінді мәліметтер базасы – кітапхана қызметі мен ресурстарын ілгерілету құралы» тақырыбында және Қызылқоға ОКЖ директоры Р.Х.Шапих«Еңбек адамын ұлығылау бағытындағы инновациялық үрдістер» тақырыбында ОКЖ дағы іс-тәжірибелерін негізге ала отырып сөз алды.
   Мақсаты: Азаматтардың мәдени және интелектуалдық құндылықтарын дамытудағы кітапханалардың ақпараттық орталық ретіндегі деңгейін көтеру.

«Бір ел-бір кітап»

Биылғы жыл кітабы: Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»

image akcia

 

zhoba2018kz