Құрметті оқырман!Атырау қаламгерлерінің шығармаларымен танысқыңыз келсе, «Біздің өлке» электронды дерекқорын пайдаланыңыз 8 қаңтар сағат 11.00 «Жаңғырудың жаңа жолы» /Қазақстанның жеткен жетістіктерін насихаттау бағытында / Тұрақты кітап көрмесі 12 қаңтар сағат 11.00 «Халық үшін шам қылған жүрек майын» /Ақын сатирик Сейіт Кенжеахметұлының туғанына  80 жыл/ кітап көрмесі, ақпараттық сағат 14 қаңтар сағат 11.00 «Күйдегі көк тұйғын»/Күйші Нариман Үлкенбайұлының туғанына 80 жыл/ Кітап  көрмесі 15 қаңтар сағат 15.00 «Ой түбінде жатқан сөз» / Жазушы Мырзагелді  Кемелдің туғанына 70 жыл кітап көрмесі, әдеби шолу. 17 қаңтар сағат 15.00 «Өнерлі  өлкенің өнерпаз ұлы» /Қазақстанның  халық әртісі, белгілі домбырашы, профессор Әзидолла Есқалиевтің  туғанына 85 жыл/ әдеби – сазды   сағат 27 қаңтар сағат 11.00 «Елін, ұлтын сүйген жазушы» / Жазушы Кәмел Жүністегінің туғанына 80 жыл кітап көрмесі, ақпараттық сағат 31 қаңтар сағат 11.00 «Халық педагогикасының қаһарманы» / жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы,  КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі Советхан  Ғаббасовтың туғанына  85 жыл кітап көрмесіақпараттық сағат

Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының және Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Әйтеке Байбекұлының 370 жылдығына арналған облыстық шешендік сөз байқауы

   Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 370 жыл толуына орай кітапханашылардың облыстық шешендік сөз байқауы өтті. Байқауға Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың, №1 және №2 орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, облыстағы барлық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары қатысты.
Байқау нәтижесінде қазылар алқасының әділ шешімімен Мақат ауданынан қатысушы Қ.О.Ақтаева бірінші орынға, ал, Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК кітапханашысы С.Қ.Байзақова мен Құрманғазы аудандық орталық кітапханасынан қатысушы Г.А. Хамзина екінші орынға ие болды. Ал,үшінші орын қалалық №2 қалалық орталық кітапхананың библиографы А.С.Амантаеваға, Индер ауданы Жарсуат кітапханасының кітапханашысы Б.К.Тастеміроваға және Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі С.Т.Қалиеваға берілді.
Жалпы, сайысқа қатысушылардың барлығы да ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық бөлімшесінің «Алғыс хатымен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мақсаты: Қазақтың шешендік өнерін насихаттау, кітапхана қызметкерлерінің сөйлеу шеберлігін қолдау.

 

«Бір ел-бір кітап»

Биылғы жыл кітабы: Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»

image akcia

 

zhoba2018kz