Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада әнші, cазгер, ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың 75 жасқа толуына орай «Ән мұхитының жүрдек кемесі» атты ақпараттық-сазды сағаты ұйымдастырылды.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарды мерейгер әнші сазгер Ескендір Хасанғалиевтың шығармашылығы туралы кеңінен таныстырды.
Оқырмандармен жүргізілген шара барысындағы сұхбатта Е.Хасанғалиевтің әндер, романстар, дуэттер мен хорларының «Атамекен» (1981 ж. ) атты жинағы туралы толық мәлімет берілді. Сонымен бірге, өнермен өзектес өмір жолынан мағлұматтарды қамтитын «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтама (2005 ж.) және әнші- сазгердің әндері енгізілген «Ауыл кеші көңілді» (1975 ж., 1982 ж.) жинақтары, Бағысбек Қуаттың «Қазақстан композиторлары» (2011 ж.), К.Салықовтың «Аққу жеткен» (1995 ж.) және «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2007) және тағы басқа кітаптар осы сұхбатқа арқау болды.
Мақсаты: Оқырмандарға қазақ өнерінің майталманы Е.Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттерді насихаттау, өнер туралы әдебиеттерді оқуға баулу.