«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам»

24

05.10.2017 г.

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» Республикалық «Бір ел-бір кітап-2017»  акциясы аясында өлеңдер шеруі Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжісінің ұстаздары мен студенттер арасында өткізілді. Кітапханашы  Ғалия Байешева жыл кітабы болған Алаш қайраткері, көрнекті ақын С.Торайғыровтың шығармашылығы туралы көптеген мағлұматтарды өз әңгімесіне арқау етті. Ол ақынның азаматтық рухқа толы өлеңдері туралы кеңінен әңгімелеп, колледжі студенттері: Зейнетуллина А, Сахарбаева Г, Сатан Г., Маршал А., Сағидоллаева Б., Батырханова Г., Сатханова С., Сембайқызы А.  «Секілді өмір қысқа жарты тұтам», «Бір адамға», « Алаш ұраны», Кедейлік», «Жас жүрек», «Балалық күн», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Байлық» атты өлеңдерін  мәнерлеп оқып, қатысушыларды елең еткізді.

22

Мақсаты: Ең үздік туындыны насихаттап, оқырмандарды «Бір ел-бір кітап-2017» акциясын бір ел болып оқуға шақыру, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке турбиелеу.

 

232526