Шежіре кітаптарының таныстырылымы

30

15.11.2017 г.

Ғ.Сланов  атындағы Атырау облыстық  ғылыми  әмбебап кітапханада тарихшы – өлкетанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Атырау Мұнай және газ университетінің профессоры Аманғали Әміржанұлының  «Жылыойнама» және «Атыраунама» атты сериялары бойынша жарыққа шыққан («Жылыойдың жарқын жандары», «Ұрпақтарға ұлағат ұқтырған ұстаздар», «Атыраудың төңкерістен бұрынғы қазақы жұрты», «Атыраудағы 1917 ж. дейінгі орыс мектептері», «Атыраудағы әскери-халықтық училищелер (1895 - 1915)», «Атырау шіркеулері», «Елінің құрметті азаматы») шежіре кітаптарының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Шараға жылыойлық ардагер-ұстаз Сұлтангерей Елсейітов автордың  курстасы Күләш Тұрақова, қызылқоғалық ардагер-кітапханашы Қансұлу Шақпақова, танымал ұстаз Айман Дариева, сонымен бірге, кітапхананың тұрақты оқырмандары, автордың немерелері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Аманғали Әміржанұлы осы шараны осы кітаптарды жарыққа шығару барысындағы өзінің  ізденістері,  мақсаты туралы мәлімдеме жасап, әр басылымның мазмұнына тоқталып өтті.

Оқырмандар назарына Аманғали Әміржанұлының зерттеу еңбектерін қамтитын «Өлке тарихының майталманы» атты кітап көрмесі және слаид шеру ұсынылды.

Мақсаты: Өлке тарихы туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, жастарды отаншылдыққа баулу.

32

 

33