«Ауыл шаруашылығы – маңызды сала

35

16.11.2017 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай «Ауыл шаруашылығы – маңызды сала» деген тақырыпта сұрақ-жауап көрмесі жасақталды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы негіздерінен мағлұмат беретін Қ.Жаңабаевтың «Агрономия негіздері» кітабы, Н.Можаевтың «Мал азығын өндіру практикумы» (2013), Ж.Өтесіновтың «Зоогигиена және санитарлық талаптар» (2012), А.Төрехановтың «Ірі қара шаруашылығы» (2006), Е.Әлібаевтың «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» (2010), Қ.Ирзағалиевтың «Атырау өңірінің Еділбай қойы» (2012), С.Сабырұлының «Қазақстан астығы: Кеше және бүгін» (2015), А.Оганезов-тың «Байлық басы - нан» (1982), А.Қарақұловтың «Баламасы жоқ байлық» (2003), Х.Жарекешевтың «Жеке қосалқы шаруашылық», Қ.Сәбденовтың «Төрт түлік», 10000-ға жуық сөз қамтылған Х.Тілемісовтың «Ауыл шаруашылығы сөздігі» барлығы 50 ге тарта әдебиеттер қойылып, кітапханаша Акбалиева Гүлмира әңгімеге арқау етті.

Мақсаты: Ауыл шаруашылығы туралы кітаптарды насихаттай отырып, жастардың қызығушылығын қалыптастыру.

34

 

36