«Атырауым айбарым, тектілер туған аймағым»

news 025

09.01.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай «Атырауым айбарым, тектілер туған аймағым» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталды. Оқырмандарға Атырау топырағында дүниеге келген қазақ зиялылары, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері, қазыналы мекеннің өткені мен бүгіні туралы толық мағлұматтар берілді. Атыраудың бейнесін, яғни тыныс-тіршілігін, тарихы мен бүгіні жайлы сыр шертетін көрмеге «Атырау энциклопедиясы», ұлан байтақ еліміздің батысында орын тепкен облысымыздың өзіндік орны мен тұнған тарихы бар «Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласының тарихи жерлері» (2008) кітабы, «Атырау даласының тарихи – мәдени мұрасы» (2016), «Атырау қазақтарының эпиграфиялық ескерткіштері Т.1» (2017), Ө.Әлімгереевтің «Атырау қаламгерлері» (2014), Т.Жаңабайұлының «Атырау көсемсөзшілері» (2014), Атырау өңірі тарихында ізі қалған ару-аналар туралы деректер жинақталған «Атырау арулар» (2016) және басқада көптеген әдебиеттер барлығы 100-ге тарта басылымдармен, оқырмандар өлкеміздің өнеркәсіп кешендері, тарихи-мәдени орындары, ескерткіштері, шығыс өңірі-нен шыққан атақты адамдар және олардың шығармалары, қала мәдениетінің гүлденуіне үлес қосқан тұлғалары, ақын-жазушылары, әнші-сазгерлері туралы жинақталған материалдармен таныс болды.

Мақсаты: Оқырмандарды туған өлкенің тарихын тануға, өңірдің танымал ақын - жазушыларының әдебиеттерін оқуға қызықтыру.

news 026

news 024