«Қарымды қаламгер»

news 027

09.01.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Шөпенғали Дәуенұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, ақпарат сағаты жүргізілді. Журналистикадағы қалтқысыз қызметі мен шығармашылық еңбегінің арқасында көптің құрметіне бөленген, «Атырау» газетіне өзіндік өрнегін салған Ш.Дәуенұлының көрмеге «Ақ жол» (2011) кітабы, «Исатай ауданы» (2003), Т.Жаңабайұлының «Атырау көсемсөзшілері» (2014), «Атырау қаламгерлерінің көркем публицистикасы» (2015), Қ.Қуанышбайұлының «Газет және уақыт» (2003), «Майдангер» (2002), «Облыстық Атырау газеті» (2008) және мерзімді басылымдарда жарық көрген көптеген мақалалармен кітапханашы Ғалия Байешева оқырмандарды таныстырып әңгіме өрбітті.

Мақсаты: Сан қырлы жақсы қасиеттерге ие болған, қаламының қарымды-лығымен көпке танылған журналист Ш.Дәуенұлының өмірі, шығармашылы-ғымен таныстыру.

news 028

news 029