«Библиограф-ғалым»

news 030

11.01.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада әдебиетта-нушы, филология ғылымының докторы, профессор Әбілхамит Нарымбетов-тың туғанына 90 жыл толуына орай «Библиограф-ғалым» деген тақырыптағы кітап көрмесі бойынша ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Кітапханашы София Рамазанқызы   оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, әдебиет библиографиясы саласындағы елеулі еңбектерінің бір саласы жеке тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған көрсеткіштер құрастырып, басылымдардың ғылыми редакциясын басқаруға көп еңбек сіңірген Ә.Нарымбетовтың көрмеден орын алған «Уақыт шындығы – көркемдік кепілі» (1989) кітабын, «Қалижан Бекхожин творчествосы» (1983), «Қазіргі қазақ поэмасы» (1982), ақындық өмір жолына сипаттама берілген «Қалижан Бекхожин» (1983) кітабы, «Қазақ совет поэмасы» (1977), «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Т.7» (2005) және басқа да мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар туралы кеңінен әңгімелеп, оқырмандарды таныстырды.

Мақсаты: Ардагер ғалым Ә.Нарымбетовтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ол туралы әдебиеттерді насихаттау, ғылымға қызығушылығын қалыптастыру.

news 031

news 032