«Өлке мақтанышы»

news 033

17.01.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада ҚР білім беру ісінің үздігі, профессор, доцент, өнер, қоғам қайраткері Нариман Сиражевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлке мақтанышы» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, ақпарат сағаты жүргізілді. Халық аспаптар бөлімінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген ардагер ұстаз Н.Сиражұлының көрмеге мерзімді басылымдардағы жарық көрген мақалалармен қатар, Ө.Әлімгереевтің «Атырау ақтаңгерлері» (2014) кітабы, Ш.Нағымұлының «Атырау білімге бастаған жолдар» (2000), «Атырау облысы, Құрманғазы ауданының қысқаша энциклопедиясы» , А.Шәріпбаева-ның «Бұлақ көрсең, көзін аш» (2016) кітабы, «Күй - керуен» (2015), «Қылқобызға арналған хрестоматия» (2012), «Адамдар.Тағдырлар» кітабы, «Атырау облысы мұғалімдері энциклопедиясы Т.1» (2003) және басқада көптеген әдебиеттер қойылып, оқырмандар таныс болды.

Мақсаты: Ардагер ұстаздың өмірі мен шығармашылығын , ол туралы әдебиеттерді оқырмандар арасында насихаттау.