«Алты алаштың біртуар тұлғасы»

news 034

23.01.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада қазақ ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Алты алаштың біртуар тұлғасы» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жүргізілді. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан   Ахмет Байтұрсыновтың көрмеге «Тіл тағылымы» (1992), «Жан сөзімді кім түсінер?» (1994), «Шығармалары Т.1» (2002), И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiнен аудармалары, «Қырық мысал» (2001) , «Шығармалары Т1- 6» (2013) ғылыми зерттеулері, «Маса» (2005) кітабы, «Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1-5» (2006), Д.Ысқақұлының «Қазақ әдеби сынының тарихы» (2011), С.Жұмабектің «Сын симфониясы» (2005) және басқада көптеген еңбектері, ол туралы жазылған шығармалар таныстырылып, ақпараттар берілді.

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасын байланыстыра түсіндіру, еңбектеріне шолу жасап тарихи маңызын оқырмандарға жеткізу.

news 036

news 035