Кітап тұсаукесері

news 037

31.01.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жарық көрген «Каспий маңы қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы фотоқұжаттарда» атты кітап-альбомның тұсау кесер рәсімі өтті. Тұсаукесер рәсіміне облыстық және аудандық мәдениет пен өнер мекемелерінің басшылары мен өкілдері, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау саласының мамандары, ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, археологтар, этнографтар, қоғамдық ұйым өкілдері мен студенттер қатысты.

Мақсаты: Өлке тарихы туралы әдебиеттерді насихаттау арқылы оқырмандарды отаншылдыққа баулу.

news 040

news 038

news 039