«Алтын алма, алғыс ал»

news 047

01.03.2018 г.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 1-наурыз – Алғыс айту күніне орай кітапхана оқырмандары арасында «Алтын алма, алғыс ал» атты ақпараттық сағат үйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған осы мереке туралы ойларын ортаға салып, Елбасының сындарлы саясатының арқасындағы еліміздегі ұлттар достығын әңгімелеріне арқау етті. Шараға қатысқан «АРЕС» Жоғары техникалық колледжінің студенттері мен кіттапхананың тұрақты оқырмандары Жұмағазиев Әділбек, Тлеулесов Смадьяр алғыс айту күнінің қазақы тәрбиедегі маңыздылығы туралы өз ой- пікірлерімен бөлісті. Кітапханашы Ғ.Байешева осы тақырыптағы кітап көрмесімен шараға қатысқан оқырмандарды таныстыру барысында көптеген мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.

Мақсаты: Осынау қасиетті мерекенің идеялық-ақпараттық, әлеуметтік маңыздылығын оқырмандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағыт-бағдар беру.

news 048

news 049