«Асқақ рухты ақын»

news 050

06.03.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Асқақ рухты ақын» аудармашы, сыншы, эпиграммашы, ақын Жарасқан Әбдірашевтың туғанына 70 жыл толуына орай, оқырмандардың қатысуымен кітап көрмесі және библиографиялық шолу өткізілді.

Кітапханашы Баян Султанкубиева оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыру барысында 2017 жылы жарық көрген «Құлпытас», «Ана тілі» баспасынан 1998 жылы жарыққа шыққан «Көңіл көкпары» атты жыр кітаптары туралы кеңінен әңгімелеп, көрнекті сықақшы ақынның жүрекжарды жырларына арқау болған туған елдің тәуелсіздігі, өмір, махаббат жайлы толғанысқа, тебіреніске толы жырларын арқау етті. Сонымен қатар, қазақ поэзиясында тұңғыш рет жарық көрген «Әзілің жарасса» атты эпиграммалар кітабында қазақ қаламгерлерінің пенделік мінез-құлықтары мен әдеби-әлеуметтік қырсықтар да сын тезіне салынғандығын әңгімеледі.

Мақсаты: Оқырмандар арасында аудармашы, сыншы, эпиграммашы, ақын Жарасқан Әбдірашевтың шығармашылығын насихаттай отырып, поэзияға қызығушылығын қаплыптастыру.

news 051