«Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты Республикалық форумы

news 055

18-19.04.2018 г.

Сәуірдің 18-19 жұлдызы аралығында Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Атырау облысы әкімдігі, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде «Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты Республикалық форум басталды.
Форумның мақсаты - кітапханаларды дамытудың жаңашыл жолдарын қарастыру, қиындықтарды шешудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеу. 
Форумда кітапханалар жұмысын жаңғыртудың өзекті мәселелері, кітапхана мамандарының кәсіби деңгейі мен заманауи келбеті, кітапханалық ресурстарды сандық форматқа көшіру, ауыл кітапханаларын жаңғырту мақсатында жасалуы тиіс жұмыстар туралы ойлар қозғалып, пікірлер айтылды. Форум жұмысына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Н.Жолдыбалинов, сонымен қатар Республикамыздың Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Атырау қаласы және аудандарының көпшілік кітапхана қызметкерлері және колледж, лицей кітапханашылары, зиялы қауым өкілдері қатысуда.

news 052

 

 

 

news 057 news 060news 059news 058news 056news 053