«Не оқып жүрсіз?»

18.07.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлері  облыстық  Ретросаябаққа келуші жастар назарына «Атырау –оқитын қала» жобасы шеңберінде  «Не оқып жүрсіз?» деген тақырыпта сауалнама жүргізді.  Сауалнама барысында  кітапханашылар Байешева Ғалия мен Мұханова Рауангүл  қазақ  ақын-жазушыларының  шығармалары туралы, жалпы оқу мәселесі жайлы  қызу әңгіме жүргізіп, оқырмандардың  оқыған әдебиеттері туралы пікірлерін талқылады.  

Саябаққа келуші жастарға жалпы кітап оқудың мәні,  пайдасы туралы қызықты деректерге толы жарнамалық бетшелер таратылды.   

Мақсаты: Кітапхананы жарнамалау, оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру, кітап оқуға баулу