«Көсегесін көгерткен жан өнердің»

19.07.2018 г.

Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың өнертану әдебиеттері залында   есімі тек қана қазаққа ғана емес, бүкіл түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ нар тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуға, олардың аса қиын кезеңде қалыптасуына зор үлес қосқан Т. Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына орай «Көсегесін көгерткен жан өнердің» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне «Қазақ мәдениеті» (2005),  Б. Қойшыбаев «Жазықсыз жапа шеккендер» (1990), Б. Нұрпейіс «Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері» (1915-2005) (2014), басқа да әдебиеттермен қатар баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар қойылып,  оқырмандарға ұсынылды.

Көрменің мақсаты: Т. Жүргеновтің өмірімен, қызметімен оның өз халқына жасаған баға жетпес орасан зор еңбектерімен таныстыра отырып, оқырмандардың өнер әдебиеттерін оқуға ықпал жасау.