«Атырау - өлке ежелден озық салты бар...»

10.08.2018 г.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлері Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған «Qazaq Fest» этно-мәдени фестиваліне қатысушы жастар назарына «Атырау - өлке ежелден озық салты бар...» деген тақырыптағы кітап көрмесін жасақтап ұсынды. Қазақтың салт -дәстүрлері туралы  жан-жақты ақпарат  бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын қалыптастыру мақсатында жасақталған аталмыш кітап көрмесінен   ұлттық деңгейдегі ірі нысандардың арғы-бергі тарихын қамтитын «Сарайшық», «Ахмет Яссауи кесенесі» (2011) сияқты халыққа кеңінен танымал орындар туралы кітаптар, Қазақстанның мәдени құндылықтарын дәріптейтін, өзіндік мазмұны бар ескерткіштер туралы Ж.Бейсенбайұлының «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» (2017), «Мәңгілік ел - Қазақстан» (2017) және тағы басқа  құнды деректерді арқау еткен кітаптар орын алды. Сонымен бірге, С.Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» (2005), Қ.Макиннің «Салтыңды сақта, дәстүріңді дәріпте» (2009 ), қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті, салт - дәстүрлері  мен ғұрыптарының жаңғыру ерекшелігі туралы сипаттайтын А.Сейдимбека «Мир казахов» (2012), «Бабаңнан, саған не қалған» (2003), «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» (2006) т.б. көптеген  кітаптар ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін таныстыру барысында кітап оқудың пайдасы туралы жарнамалық бетшелер таратты.

Мақсаты: Қазақтың салт -дәстүрлері туралы  жан-жақты ақпарат  бере отырып, рухани жаңғыру арқылы жастардың болашаққа деген парасатты пікірлері мен көзқарасын қалыптастыру.