«Білім - баға жетпес қазына»

01.09.2018 ж.

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық  ғылыми әмбебап кітапханасында 1-қыркүйек – Білім күніне орай «Білім - баға жетпес қазына» атты кітап көрмесі бойынша ақпарат сағаты ұйымдастырылды.  Кітапхана қызметкері  С.Р.Мусагалиева оқырмандарға кітап көрмесін таныстыру барысында  бүгінгі таңда білім алудың маңыздылығы, алуан түрлі жолдары туралы, ақпарат көздері жайында,  кітап оқу мәдениеті туралы мәліметтерді қамти отырып, «Әлемде талай қызық  бар...» энциклопедиясы /2006/, Р.Сәтімбековтың «Қызықты биология» /2011/,  «Математикалық ойашар» энциклопедиясы /2009/,  Ж.Ғұсманның  «Қырық қазына» /2013/, Ғ.Бекахметовтың «Критикалық ойлау негіздері» /2014/, «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» /2014/, А.К. Мынбаеваның «Тесты по оценке интеллекта и познавательных процессов студентов и магистрантов» /2013/ және тағы басқа әдебиеттерді әңгімесіне арқау етті.

Мақсаты:  Оқырмандардың білім деңгейін кеңейту, жан-жақты дамыту бағытындағы  білім ұғымының маңызын  насихаттайтын әр түрлі саладағы кітаптармен таныстыру.