«Соқпағы соны суреткер»

04.09.2018 ж.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушыдраматургсценарист  Әкім Таразидың  туғанына 85 жыл толуына орай  «Соқпағы соны суреткер»   деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы Нсанбекова Бике  оқырмандар арасында  библиографиялық шолу жүргізді. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыру барысында «Құйрықты  жұлдық»  Алматы – 1966, Астана – 2013  «Тас жарған » І том , «Қиянат»  ІІ том, «Тырна , тырна , тырналар ...» ІІІ том, «Аяз бен Бибі» ІV том,  «Қорқау жұлдыз» V том , «Мұстафа Шоқай» Алматы -2008, « Көк  аспанда қырағы көз бар» Алматы – 2011, «Махаббат жыры» Астана – 2000, «Тәж» Астана  - 2003, «Бұлтқа салған ұясын» Алматы 1997, «Жаңбырлы  түндер» (Алматы,1988) және тағы басқа әдебиеттерді әңгімесіне арқау етті.

Мақсаты: Әкім Таразидың шығармашылығымен таныстыру, көркем әдебиетті оқуға қызықтыру.