«Тәрбие - отбасынан»

05.09.2018 ж.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  9- қыркүйек  Отбасы күніне орай  «Тәрбие - отбасынан»   деген тақырыптағы кітаптар шеруі бойынша библиографиялық шолу ұйымдастырылды.  Өнегелі ұрпақ  өсіру – отбасы мен мектептен алған үлгі -өнеге жиынтығының жемісі екендігін тілге тиек ете отырып,  отбасының  маңыздылығы  туралы  кітапханашы  Байешева  Ғалия  ақпарат берді.

Библиографиялық шолу барысында кітап көрмесінен орын алған   Д.Матайқызының «Ұрпағым, саған айтам» (2003), Ж.Байжанованың «Ана дәптерінен» (1989),  Ж. Қоянбаевтың «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» (1990), К.Оразбекованың «Иман және инабат» (1993) кітабы, Ұ.Асыловтың «Әдептану» (2003) және «Әдептің ауылы алыс па» (2011) кітаптары,  Х.Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» (2005),  С.Кенжеахметұлының «Жеті қазына» (2006),  Т.Картаеваның «Тарих демография» (2007),  Г.Соловьеваның «Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: жағдайы және даму үрдістері» (2013), З.Шаукенованың «Отбасы институты Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы» (2014)  және тағы да басқа көптеген  әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.

Мақсаты:  Туған - туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру.