«Бақ- берекем, құт-мерекем әз Наурыз»

18.03.2019 ж.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Ұлыстың ұлы күніне арналған    «Бақ- берекем, құт-мерекем әз Наурыз»  атты суретті-илюстративті  кітап көрмесі жасақталды. Наурыз мерекесінің тарихы мен оның түркі халықтарының мейрамдау ерекшелігі туралы, Наурыз мейрамының ғасырлар бойғы қалыптасуына түркі халықтарының қосқан үлесі мен мұралары, Наурызға қатысты  ұғымдар мен рәсімдер, дәстүрлері туралы берілген С.Ерғалидың «Нау мен ырыс» (2011), «Армысың, әз Наурыз» (2012), «Наурыз тойы» (1998), «Наурыз: жаңғырған салт - дәстүрлер» (1991), «Наурызнама» (1993), Г.Ерахметтің «Наурыз айы туғанда» (2013), С.Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» (2005), Қ.Макиннің «Салтыңды сақта, дәстүріңді дәріпте» (2009 ) кітаптары  сондай - ақ, көрмеде  қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті, салт - дәстүрлері  мен ғұрыптарының жаңғыру ерекшелігі туралы сипаттайтын А.Сейдімбектің «Мир казахов» (2012), «Бабаңнан, саған не қалған» (2003), «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» (2006) т.б көптеген  кітаптары оқырмандарға ұсынылды.

Мақсаты: Оқырмандарға Ұлыстың ұлы мейрамы боп саналатын Наурыз мерекесінің мейрамдалу ерекшелігі туралы  әдебиеттерді оқуға ұсыну, өз мәдениеті мен дәстүрін танып білуге ұғындыру.