«Жер астындағы жұлдыздар»

21.08.2019 ж.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 25 тамыз – Шахтер күніне орай «Жер астындағы жұлдыздар» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесімен таныстыруда кітапханашы оқырмандар назарына қазіргі кен технологиясының негіздері ашық кен жұмыстары, жер асты кен қазу технологиясының басты элементтері саналатын кенді тасымалдау, жер бетіне көтеру, өндірістің жаңа саласы – геотехнологиядан мол мағлұмат берілген Ш.Әбдіраманның «Кен ісі технологиясының негіздері» («Фолиант», 2012), сондай-ақ жер асты және жер үсті қазба орындарын игерудегі маркшейдерлік жұмыстары туралы толық қамтылған Т.Тұяқбаевтың «Маркшейдерлік іс» («Фолиант», 2009) және орыс тілінде А.Мясников «Повышение эффективности и безопасности горных работ» («Недра», 1979), «Научно-техническое обеспечение горного производства» (Алматы, 2003), Т.Ермеков «Горные машины» («Фолиант», 2009), В.Демин «Горное дело» («Фолиант», 2010), Г.Овчинникова «Ремонтник горного оборудования» («Фолиант», 2010), Л.Яринец «Горное дело» (Астана, 2011) және т.б. әдебиеттерді таныстырды.  

Мақсаты: Оқырмандарға және кәсіптік лицейлердің студенттеріне қазіргі кен технологиясының негіздері мен геотехнологиядан мағлұмат беру.