«Құқық – әділет пен парасат жолы»

29.08.2019 ж.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана оқырмандар назарына  қызметкерлері  «Ашық есік күні» аясында Достық үйінде 30-тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Құқық – әділет пен парасат жолы»  тақырыбындағы  кітап көрмесі бойынша блиц-турнир  ұйымдастырды.

Ата  Заңымыздың  айшықты беттерінен көрініс беретін кітаптар мен ақпараттық басылымдар оқырмандар назарына ұсынылды.  Кітапханашы кітап көрмесінен орын алған «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Қ.Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы»,  Ж.О.Артықбаевтың «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші», «Қазақтың ата заңдары»,  С.Сартаевтың «Ар мен дар алдындағы сөз»,  Ө.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», «Ғылымдағы ғасыр абызы» (Академик Салық Зиманов),  Ө.Ақыпбекұлының «Қара қылды қақ жарған»,  Қ.Еламановтың «Шаңырақ пен пырақ»,  Г.Сапаргалиевтың «Конституционное Право Республики Казахстан», «Конституционные законы Республики Казахстан», А.К.Абельдиновтың және О.К.Копабаевтың «Конституционное право зарубежных стран» және тағы басқа әдебиеттер туралы мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.

«Светоч» славян этно-мәдени  бірлестігінің басшысы Раиса Афанасьевна, Қазақстан халықтары  ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар саясатының басшысы Разметова Тамила , «Достық  Үйінің» ұжымы,  басқа да этно-мәдени бірлестіктер өкілдері  кітап көрмесімен танысып,  өз ой-пікірлерімен бөлісіп, шарада белсенділік танытты.

Кітапханашылар С.Р.Мусагалиева  мен А.Н.Рахметова  қазақ және орыс тілдерінде мәліметтер беріп, сұрақ-жауап алмасу бағытында қызу пікрталас өрбітті.

Мақсаты: Қазақстан РеспубликасындағыАта Заңның маңыздылығы  мен тарихын білуге,  Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеу.