«Сен барыңда жүрегімнен от өрем...»

25.09.2019 ж.

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  ақын, Махамбет сыйлығының иегері Нұралы Әжіғалиевтің  80 жылдығына арналған «Сен барыңда жүрегімнен от өрем...» атты оқырмандар арасындағы көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы  өтті.

Сайысқа қала мектептерінен, жоғары және орта оқу орындарынан барлығы 21 талапкер қатысып, ақынның «Атырау», «Арнау», «Өлең шіркін», «Сарайшық», «Өрнектің мәні осындай», «Өтермін арым аппақ боп», «Абайға арнау» тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды Ұлттық Ұланның №5546  әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Костер Нариман иемденсе, екінші орынға  Атырау Мемлекеттік  университеті  Көптілді білім беру факультетінің  2 курс  студенті Жайжанова Әйгерім лайық деп танылды.  Ал, үшінші орынды  Еркінқала орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аманқос Ислам қанжығасына байлады.

Мақсаты:  Белгілі ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Нұралы Әжіғалиевтың шығармаларын насихаттау және жастардың   шығармашылық әлеуетіне қолдау көрсету, жастардың  поэзиялық шығармаларды оқуға қызығушылығын қалыптастыру.