«Ұлылық рухына тағзым»

27.01.2020 ж.

«Ұлылық рухына тағзым»

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында әнші, актер, режиссер, педагог,ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Қазақстанның  Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлылық рухына тағзым» атты суретті-иллюстративті кітап көрмесі жасақталды. Ұлттықтеатр өнерін дамытуға үлес қосқан актердің, режиссердің шығармашылығы жайында білдірген ой-толғамдары топтастырылған Ә.Сығайдың «Актер әлемі» (2008) кітабы, «Таңғажайып театр» (2014) Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» (2017),Сахна шебері  Қ.Жандарбековтың өнерге келу жолы, ұлттықтеатрдың қалыптасу және өркендеу жайлары әңгімеленген «Көргендерім мен көңілдегілерім» атты естелік кітап(1989),  Қ.Байсейітовтың «Құштар көңіл» (1977), «Қазақ мәдениеті» атты энциклопедиялық анықтамалық және Әшірбек Сығайдың «Құрманбек Жандарбеков» («Мәдениет» 2011ж.,№4), театр қайраткері Қ. Жандарбеков туралы естеліктері, сондай- ақ, Қ.Байсейітовтың «Құрманбек» («Театр.kz», 2014 ж.,№5)және т.б көптеген әдебиеттер кітап көрмесінен орын алды.

Мақсаты: Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы өнер туралы әдебиеттерді оқуға баулу.