«Алаштың дара Жұбаны»

1.02. 2020 ж.

«Алаштың дара Жұбаны»

 

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Алаштың дара Жұбаны» тақырыбында Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай ҚР Ұлттық кітапханасының, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының, БҚО Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қатысуымен салтанатты шаралардың ашылуы on-line тәртібінде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға оқырмандар, әріптестеріміз, сондай-ақ ардақты ағамыз Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, өнертанушы, жазушы, суретші, "Отан" орденінің иегері Илья Жақанов қатысып, қазақтың мақтан тұтар бірегей ақыны Жұбан Молдағалиев туралы ыстық ықыласқа толы әдемі естелік өрбіте отырып, «Еділ Жайық» әнінің дүниеге келу тарихынан сыр шертті.

Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, И.Жақановтың шығармашылығын, «Еділ Жайық» әнін насихаттау.