«Көрісу айт қабыл болсын, ағайын!»

12.03.2020 ж.

«Көрісу айт қабыл болсын, ағайын!»

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 14 наурыз - Көрісу күніне орай «Көрісу айт қабыл болсын, ағайын!» тақырыбында  ақпараттық сағат өткізілді. Кітапханашы Ғалия Сәлімжанқызы  осы тақырыптағы кітап көрмесін таныстырды. Сондай-ақ Х.Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранттары Ж.С.Боранқұлова мен  А.Т.Кусаинова аталмыш тақырыпта хабарлама жасап, көрісу тарихы туралы слаид-шеруді шараға қатысушылар назарына ұсынды. Сонымен қатар көрісу күні туралы “Наурызнама”/Алматы,2015ж./, “Қазақ салт-дәстүрлері”/Алматы, 2017ж, т.б кітаптармен таныстырылым жасалды.

Мақсаты: Қазақтың  ежелден келе жатқан салтын насихаттау, оқырмандарға көрісу күнінің тарихы туралы ақпарат беру.