«Нәзік сырлы, ойлы жырлар иесі»

19.03.2020 ж.

«Нәзік сырлы, ойлы жырлар иесі»

            Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұманбай Молдағалиевтің  туғанына 85 жыл толуына орай «Нәзік сырлы, ойлы жырлар иесі»атты тақырыппен кітап көрмесі жасақталып, әдеби шолу жасалды. Кітапханашы Байешева Ғалия автордың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат бере келе, шығармашылық жолы туралы  кеңінен әңгімеледі. Ол оқырмандарға кітап көрмесін таныстыру барысында Т.Молдағалиевтің «Алатау қызы»(1963), «Жаңа дәптер»(1967), «Ескерткіш»(1968), «Шақырады жаз мені»(1970),  «Жүрек ояу қашанда» 1973, «Бір асудан асқанда» (1997),»Түнді оятқан жырлар»(1997), «Ғашық жүрек»(2007), «Мәңгі жас көңіл»(2007), «Қар жауып тұр»(2008) т.б.  кітаптары оқырмандар назарына ұсынды.

Мақсаты:  Ақын Тұманбай Молдағалиевтің  туындыларын насихаттай отырып, оқырмандардың поэзияға қызығушылығын қалыптастыру.