«Бәріміз бірігіп оқимыз»

4.11.2020 ж.

«Бәріміз бірігіп оқимыз»

 

  Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  «Бір ел-бір кітап-2020» акциясын насихаттау мақсатында  «Бәріміз бірігіп оқимыз» тақырыбымен ақпараттық сағат өткізілді. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 4 томдығы мен  ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Ә.Әлімжановтың  «Ұстаздың оралуы» романы туралы толық ақпарат берілді. Ақпараттық сағатқа  Атырау аграрлы-техникалық колледжі және Атырау сервис колледжінің  студенттері қатысып, ой бөлісті. Көрмеге М.Әуезовтың  «Абай жолы» 1,2,3,4 томдары (2007), Р.Сейсенбаевтың  «Тектілер туралы реквием» (2018), С.Әшімбаевтың «Шындыққа сүйіспеншілік» (1993), М.Базарбаевтың «Әдебиет және дәуір» (1966). Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» (1981), Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала музыка туралы кітап» (2018),  Ақжан әл-Машанидың «Әл-Фараби және музыка» (2010), «Логика» (2007), «Әл-Фараби мұрасы: Қазақстандық философиялық зерттеулер» (2009) және т.б. кітаптар ұсынылды.

Мақсаты: Жыл таңдауы болған М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Ә.Әлімжановтың  «Ұстаздың оралуы» атты романын қалың оқырманға кеңінен таныстырып, насихаттау.

 

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2818067821768057/