«Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы»

21.12.2020 ж.

«Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы»

         ҚР Тәуелсіздік күні аясында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жақында «Ағатай» баспасынан жарық көрген «Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы» атты танымдық, тағылымдық, ақпараттық кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылды.  Шара барысында  кітаптың бас редакторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан оқу ағарту ісінің үздігі, белгілі өлкетанушы  Өмірзақ Қажымғалиев,  редакциялық алқа мүшесі, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің  басшысы Рашида Харипова, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиев, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Сара Измұханбетова  жаңа кітапқа ақжолтай тілегін  білдірді. Құрманғазы ауданының тарихынан сыр шертетін жаңа кітабын автор  Өмірзақ Қажымғалиев   Облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығына, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қорына, сондай-ақ аудандық кітапханаларының  қорларына  сыйға тартты.

         Мақсаты: «Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы» атты жаңа кітапты оқырмандарға таныстыра отырып, өлке туралы әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру.

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2857295721178600/