«Дауылды дәуірдің дауылпаз жыршысы»

7.01.2021 ж.

«Дауылды дәуірдің дауылпаз жыршысы»

      Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында төкпе ақын Қашаған Күржіманұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Дауылды дәуірдің дауылпаз жыршысы» атты тақырыпта онлайн ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Атышулы бұқара жыршысы Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерін жайлаған елдерде болып, Нұрыммен, Ақтан мен Мұрат, Бала ораз бен Қоспақ сияқты өнер саңлақтарымен кездескен. Ол «Атамекен», «Адай тегі» шығармаларымен қоса ел басына түскен ауыр оқиғалардың куәсі болған «Топан» сияқты бұқара өмірінің әдеби шежіресін толғайды. Ақынның отызға тарта терме толғаулары, төрт айтыс, үш дастаны бар.

Ақынның шығармалары: «Топан» Жалын баспасы 1991ж, «Алқаласа әлеумет» Жазушы баспасы 1991, «Қашаған сөздің дүлділі» Жазушы 2013, Ақындар аманаты сериясымен «Қашаған Күржіманұлы» Нұрлы Pres. Kz баспасы 2014 және ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жинақ шығарған.

Мақсаты: Қашаған Күржіманұлының  әдеби мұрасын насихаттай отырып, өскелең ұрпақтыңәдебиетке қызығушылығын қалыптастыру.

https://www.facebook.com/watch/?v=1257119918022877