«Сыншыл, шыншыл қаламгер ұлағаты»

11.01.2021 ж.

«Сыншыл, шыншыл қаламгер ұлағаты»

            Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, аудармашы Жүсіп Алтайбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Сыншыл, шыншыл қаламгер ұлағаты» атты тақырыпта онлайн кітап көрмесі жасақталды. Кітапханашы кітап көрмесін таныстыру барысында Ж.Алтайбаевтың көрмеге қойылған кітаптары «Ұят-ай» (1973 ж.),  «Түлек» (1977 ж.), «Нақ, нақ» (1981 ж.), «Ағыбай батыр» (1996 ж.), «Таңдамалы шығармалары және естеліктер» (2011ж.), сондай-ақ, И.Ильф,  Е.Петров «Он екі орындық» (1975ж.), М.Горький  «Фома Гордеев» (1978 ж.), Н.В.Гоголь «Диканькаға таяу хутордағы кештер» (1981 ж.) атты аудармаларын таныстырды. Сондай-ақ, қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы:  Анықтамалық «Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр» (2004), Т.Қожекеев «Шалқу сөздер мен шаншу сөздер»2002, «Ескі жылдың есебі»2011, З.Асабаев «Жылдар сыры» 2013 т.б. кітаптар кітапханашы әңгімесіне арқау болды.

Мақсаты:  Сатира жанрының майталманы Жүсіп Алтайбаевтың шығармаларымен оқырмандады таныстыру.

https://www.facebook.com/watch/?v=314568676610707