«Парасат жолы» орталығының ашылуы

3.02.2021 ж.

«Парасат жолы» орталығының ашылуы

 

         ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Парасат жолы» орталығын  ашу қолға алынды. ZOOM платформасында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы  Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында осындай орталықтың ашылу салтанатын  ұйымдастырды. Шараға Атырау облысы Әкімінің орынбасары Б.Қ.Хаменова, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.А.Рысқалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы  бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ж.Мамыт, «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Д.Әдиева, республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қ.Ә.Әуесбай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорыС.Н.Идрисов, Қазақстанның Құрметті журналисі,  «Үздік өлкетанушы» атағының иегері Т.Ж.Жаңабай, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі Ө.Ә.Әлімгереев, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қ.Ө.Жылқышиев қатысып, өз пікірлерін білдірді.

      Мақсаты: Еліміздің ғалымдарымен, шығармашылық және  руханият өкілдерімен байланысты нығайта отырып, парасаттылықтың, ар-ұяттылықтың, өнегеліліктің идеологиясын дамыту.              

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2888852284689610/