Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы бойынша

10.02.2021 ж.

«Бір ел – бір кітап-2021»:

Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы бойынша

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқырмандарымызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап ұсынылған болатын, оның ішінде «Балалар әдебиеті» бойынша Ы.Алтынсариннің «Өнер - білім бар жұрттар» кітабын насихаттауда, тұңғыш ағартушы, педагог-жазушы шығармаларына арналған онлайн поэзия кеші ұйымдастырылды. Кітапханашы ағартушы - педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметіне тоқталып, кітапхана қызметкерлері А.Қ.Искакова «Кел , балалар оқылық», Серікқали Мөлдір «Өзен», №38 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Қайрош Қанат «Ей, достарым», М.Өтемісов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Серікқали Риза «Ананың сүюі» , №16 мектептің 6 сынып оқушысы Теміржан Диас «Бұл кім»,  Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің 4 сынып оқушысы Амангелді Фатима «Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөзі» тақырыбындағы шығармаларын оқыды.  

Мақсаты: Оқырмандарға Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау арқылы кітап оқуға баулу

https://www.facebook.com/watch/?v=1157176741376252