«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

10.03.2021 ж.

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберіндегі «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған М.Мақатаевтың жыр жинағын насихаттау мақсатында   «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Шара барысында жампоз жырдың  дүлдүлі М.Мақатаевтың өнегеге толы өмір жолы туралы, шығармашылық әлемі жайында салиқалы, тағылымды әңгімелер айтылды. Шараға ҚР Ұлттық Ұланының №5546  әскери бөлімінің сарбаздары, Атырау облысы Қылмыстық Атқару Департаменті мамандары, кітапхана оқырмандары қатысты. ҚР Ұлттық Ұланының №5546  әскери бөлімінің сарбаздары Ерсін Сейілханұлы   «Менің анкетам», «Қазақстан», «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді, «Әке», Нұрлан Едігенов «Пай, пай, өмір», «Арыз жазып кетейін», кітапханашы Мөлдір Серікқалиева «Поэзия, менімен егіз бе едің?!», Атырау облысы Қылмыстық Атқару Департаменті Бақылау қызметі бөлімінің бастығы, Әділет майоры Марта Орынбасарқызы Өтепова «Ғашықпын» өлеңін, Атырау облысы Қылмыстық Атқару Департаменті Кадр саясаты бөлімінің бастығы, Әділет майоры Эльмира Жаңабайқызы Көптілеуова «Туған өлке» атты жырларын мәнерлеп оқуын жиналған көпшілік сүйсіне тыңдады.

Мақсаты: Оқырмандар арасындаМұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттай отырып, поэзиялық шығармаларды оқуға баулу.

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2914214935486678/