«Парасат жолы»

15.03.2021 ж.

«Парасат жолы»

 

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған            шарасы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел басындағы сұхбатты Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.А.Рысқалиев жүргізді. Дөңгелек үстелге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі Ж.Ж.Жылқышиева мен жазушы, қоғам қайраткері, «Парасат жолы» орталығының жетекшісі С.Түгел арнайы қатысты. Дөңгелек үстел барысында орталық жұмысының басты мақсаты таныстырылып, қоғам қайраткерлері, жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер, кітапхана басшылары, дін қызметкерімен және зиялы қауым өкілдерімен ақылдаса отырып алдағы уақытқа бірқаттар міндеттер мен іс-шаралар жоспарланды.

            Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Атырау облысы департаментінің басшысы С.С. Мүксімов,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ж.Мамыт,ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қ.Ө.Жылқышиев, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының және Махамбет сыйлығының иегері Ө.Ә.Әлімгереев, өлкетанушы А.Әміржанұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагері, профессор Ш.Нағымов, ҚР Ұлттық инженерлік Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Шырдабаев, ақын, Махамбет сыйлығының иегері Г.Р.Ниетқалиева, Еңбек ардагері, ғалым, академик Т.М.Сүйесінов, «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Д.Әдиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры С.Н.Идрисов, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы музыкалық колледжінің директоры Г.М.Садуахасова өз пікірлерін ортаға салып, жоба бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

         Мақсаты: Еліміздің ғалымдарымен, шығармашылық және  руханият өкілдерімен байланысты нығайта отырып, парасаттылықтың, ар-ұяттылықтың, өнегеліліктің идеологиясын дамыту.   

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2917347821840056/