«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

12.04.2021 ж.

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

 

       Ғ.Сланов атынадағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» орталығы және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты библиографиялық жадынаманы оқырмандар назарына ұсынады.

     Библиографиялық жаднамада ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптарға шолу жасалды. Жазушының «Өмірдастан» кітабы Алматы қаласынан 1976 жылы жарық көрген. 2016 жылы Алматы қаласында шыққан  «Мұқағали Мақатаев: Энциклопедия» / Құраст.: Б.Айдарова, Қ.Ботбай, Т.Рсаев; Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шағын күнделігінің толықтырылған нұсқасы және ақын жары Лашын Әзімжанованың естелігі «Күнделік» кітаптары қамтылған. Мұқағали Мақатаев туралы қалам тербеген Ф.Оңғарсынова, З.Серікқалиев, Ә.Кекілбаев, Ә.Тәжібаевтың естеліктері де бейнежазбадан орын алады.

Мақсаты: Оқырмандар арасындаМұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттай отырып, поэзиялық шығармаларды оқуға баулу.

https://fb.watch/6h83Jl6-4T/