"Жамбыл - менің жәй атым, Халық - менің шын атым"

12.04.2021 ж.

"Жамбыл - менің жәй атым, 

Халық  - менің шын атым"

 

         Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына,  "Парасат жолы"  орталығы аясында,  Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай ұлы даланың алып жыршысы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жамбыл - менің жәй атым,  Халық  - менің шын атым"  атты тақырыппен онлайн көріністен қойылым ұсынылды.  Қойылымда Сүйінбайға амандаса үйге кірген Жамбылға  ауыл ақсақалдары қолпаштап төрге оздырады. Біраз уақыттан бері ауылға ат басын бұрмаған Жамбылдан көпшілік ән сұрайды. Жырау жырды төкпелете жөнеледі.  Осы сәтте үйге хабаршы кіріп,  амандасып, Құлманбеттен ауылдың бетке ұстар ақындары жеңіліп жатқандығын, Сүйінбайдың сырқаттанып қалуына байланысты Жамбылды алдырыңдар деп хабар айтады. Сонда Жамбыл  алдымда Алатаудай сіз,  артымда қалың елім тұрған кезде,  мен неден тайсалайын дейді. Сөйтіп,  Сүйінбай батасын беріп,  ел болып Жамбылды Құлманбетпен айтысуға аттандырады.

         Мақсаты: Оқырмандар арасында Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмір жолын насихаттау, аты аңызға айналған ақынның шығармаларын оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру.

https://fb.watch/6h8byoyi2K/