«Жүйрік қаламгер, асыл тұлға»

14.04.2021 ж.

«Жүйрік қаламгер, асыл тұлға»

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы шеңберінде  ұсынылған  жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығы бойынша "Жүйрік қаламгер, асыл тұлға" тақырыбымен слайд шеру ұсынылды. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі жайлы мағұлмат бере отырып, барша оқырман қауымға арналған «Отамалы» повесінің басты кейіпкерлері жөнінде  әңгімеледі. Шығармадағы басты кейіпкердің басынан өткен табиғаттың дүлей күшіне төтеп бере алмай, қатты қиналған эмоциялық көңіл-күйін бейнелегені қамтылды.

Слайд шеру барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер толық қамтылған. Жазушы қаламынан туған "Нәзік бұлттар",  " Сентябрь түні",  "Ақ жауын",  'Бәйтеректің жас шағы",  'Отамалы' кітаптарын оқырмандар назарына ұсынылды.                     

          Мақсаты:  Жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау.

https://fb.watch/6h8i6O8-PR/