«Сен – қазақсың келе жатқан бағы асып, Адамзаттық ізгілікке жол ашып»

23.04.2021 ж.

«Сен – қазақсың келе жатқан бағы асып,

 Адамзаттық ізгілікке жол ашып»

       

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Парасат жолы» орталығы аясында , Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Күләш Ахметованың туғанына 75 жыл толуына байланысты «Сен – қазақсың келе жатқан бағы асып, Адамзаттық ізгілікке жол ашып» атты тақырыппен кітап көрмесі жасақталып,  онлайн жыр кеші өтті.

 Ақынның өлеңдерін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс  студенттері  Мұхитова Азиза «Бақыт жайлы»,  Есімова Ақгүл «Өкпе», №37 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары:  Баймұрат Раушан «Өсек айтып, жел сөзбен желіккендер»,  Артурова Сабина «Батыл қадам», Магзумова Айнель «Қалалар мен адамдар», Азимгереева Диана «Көксеу», Орынбасарова Айкөркем «Жетпейтіндей бір нәрсе көркем ойға» өлеңдерін    оқыды.

Онлайн кітап көрмесін таныстыру барысында кітапханашы «Сен менің бақытымсың» (1977),  «Жапырақ жаздың жүрегі» (1979), «Жасыл жағалау» (1984), «Арғымақтар даласы» (1987), «Сен жанымда жүрсең» (1989), орыс тіліндегі кітаптары  «Возвращение аистов»1985), «Год любви»(1980)  және ақынның шығармашылығы жайлы сыни кітаптардан  Ф.Оңғарсынова «Сыр сұхбат», С.Жұмабек «Сын симфониясы», «Өлең өлкесі»,  Ж.Әбдіраш «Құлпытас», Б.Бодаубай «Таңғаламын өмірдің ғажабына», Х.Ерғали «Өзегім толы ақ жалын», А.Аханбайқызы «Оқырман күткен әңгіме»,Н.Адырбек «Ұстаным-ұлттық мүдде» т.б.                            

Мақсаты: Белгілі ақын Күләш Ахметованың өлеңдерін оқырмандарға кеңінен насихаттау арқылы олардың поэзияға қызығушылықтарын қалыптастыру..

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2945853532322818/