«Мәңгілік ел идеясы – ақпараттық кеңістікте» атты облыстық семинар өткізілді.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен және «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп «Мәңгілік ел идеясы – ақпараттық кеңістікте» атты облыстық семинар өткізілді. Шараға облыстықкітапханалар басшылары мен мамандары, қалалық, аудандық ОКЖ директорлары, білім беру бөлімі және кәсіптік білім мекемелерінің кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинар Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы А.Б.Нысанғалиевтің және«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталағы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі М.А.Ғалымжанованың сөзімен ашылды.
Шара барысындаҒ.Сланов атындағы ОҒӘК басшысы Г.Х.Қалиева «Ақпараттық қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік және мәдени мәнін арттыру» тақырыбында, Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Н.Самаликова «Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі кітапхана қызметі» тақырыбында, хабарлама жасады.Сонымен бірге, Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі М.Н.Сисеналиева «Бабалар мұрасы – ұрпаққа аманат» атты акциясының жүру барысы туралы ақпарат берді.
№1 қалалық ОКЖ директоры Г.С.Шайхашева«Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтардың өміршеңдігін қалыптастырудағы кітапхана басымдықтары» тақырыбында, Құрманғазы ОКЖ директоры Б.А.Габдулова«Толықмәтінді мәліметтер базасы – кітапхана қызметі мен ресурстарын ілгерілету құралы» тақырыбында және Қызылқоға ОКЖ директоры Р.Х.Шапих«Еңбек адамын ұлығылау бағытындағы инновациялық үрдістер» тақырыбында ОКЖ дағы іс-тәжірибелерін негізге ала отырып сөз алды.
   Мақсаты: Азаматтардың мәдени және интелектуалдық құндылықтарын дамытудағы кітапханалардың ақпараттық орталық ретіндегі деңгейін көтеру.