Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының және Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Әйтеке Байбекұлының 370 жылдығына арналған облыстық шешендік сөз байқауы

   Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 370 жыл толуына орай кітапханашылардың облыстық шешендік сөз байқауы өтті. Байқауға Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың, №1 және №2 орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, облыстағы барлық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары қатысты.
Байқау нәтижесінде қазылар алқасының әділ шешімімен Мақат ауданынан қатысушы Қ.О.Ақтаева бірінші орынға, ал, Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК кітапханашысы С.Қ.Байзақова мен Құрманғазы аудандық орталық кітапханасынан қатысушы Г.А. Хамзина екінші орынға ие болды. Ал,үшінші орын қалалық №2 қалалық орталық кітапхананың библиографы А.С.Амантаеваға, Индер ауданы Жарсуат кітапханасының кітапханашысы Б.К.Тастеміроваға және Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі С.Т.Қалиеваға берілді.
Жалпы, сайысқа қатысушылардың барлығы да ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық бөлімшесінің «Алғыс хатымен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мақсаты: Қазақтың шешендік өнерін насихаттау, кітапхана қызметкерлерінің сөйлеу шеберлігін қолдау.