«Қазақстандағы Америка бұрыштары» жобасы. Атыраудағы Америкалық Ақпарат орталығы

2005-2010 ж.ж Қазақстан Республикасының білімді дамыту мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар кітапхана оқырмандарына АҚШ-тың  мәдениеті ,тарихы, саясаты туралы  әдебиеттерді және ақпаратты пайдалануда көмек көрсету  мақсатында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 2005 жылы 14 наурызд ан бастап Америкалық мәдениет орталығы жұмыс жасайды.

Америкалық орталықтар немесе бұрыштар – америкалық үлгі бойынша жасалған және жергілікті серіктес мекемелерде, әдетте кітапханаларда орналасқан кішігірім кітапхана. Америкалық бұрыштар – жергілікті ұйымдармен шынайы серіктестік олардың штатында қабылдаған мекеменің қызметкері жұмыс істейді. Америкалық бұрыштар және олардың ақпараттық ресурстары әрбір кітапхана оқырманына қолжетімді, еркін пайдалана алады.

Америкалық орталықта ағылшын тілінде америкалық әдеби  кітаптардың коллекциясы, анықтамалық әдебиеттер, сөздіктер, АҚШ мемлекетінің құрылымы, тарихы, мәдениеті туралы әдебиеттер орналасқан.

 

Америкалық бұрышта бақыланатын Интернет жүйесі арқылы АҚШ туралы барлық ақпараттарды пайдалануға мүмкіндік берілген және аудио, видео жазбалар , әдеби  және көркем фильмдер бар.

Америка мәдени орталығында лицей оқушыларына, колледж және жоғарғы оқу орындары студенттеріне  үшін «Кино клуб», «Оқу клубтары» жұмыс жасайды.

Орталықта өтілетін іс-шаралар жөнінде www.amcorners.kz сайтынан көре аласыздар.

Облыстық кітапханада Америкалық Мәдени орталықты ұйымдастыру американың экономика, саясат, тарих білім және мәдениеті туралы білгісі келетін және ағылшын тілінде оқығысы келетін оқырмандардың ақпараттық, білімділік, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Атыраудағы Америка ОрталығыҒ.Сланов атындағы ОҒӘКНұрсая мөлтек ауданы.Тел.: (7122) 20-92-91, 20-92-85e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.