«Тұсаукесер» және облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасы

«Тұсаукесер»

өзге кәсіп иелерінің төл туындыларын оқырман қауымға насихаттау, есімін таныту бағытындағы шығармашылық жоба

Мақсаты:

-         Мамандығы басқа болса да қолына қалам ұстап, мазмұнды шығармаларды дүниеге әкеліп, жарыққа шыққан төл туындыларын кітапхана қорына сыйлап, шығармашылықпен  айналысып жүрген жергілікті еңбек адамдарының есімін таныту;

-         Өлкетану саласы бойынша кітап қорын молайту;

-         Кәсіби шығармашылық иелерімен қатар басқа мамандық иелерінің төл туындыларының тұсаукесерлерін өткізу арқылы кітап авторларын ынталандыру;

-         Әлеуметтік маңызы бар, оқырман сұранысына лайық көркем әдеби шығармаларды авторлық келісім-шарт негізінде Қаз ҰЭК қорына жіберу.

Серіктес:

Облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасы

Жоба шеңберінде өлкеміздегі түрлі мамандық иелерінің кітаптарының тұсаукесерлері өткізіледі. Тұсаукесер рәсімдеріне кітап авторлары мен олардың шығармаларының кейіпкерлері шақырылады. Осы жоба аясында облысымызға белгілі заңгер, ауған соғысының ардагері Толыбай Шәкіровтың «Мен өмірге ғашықпын», ұзақ жыл облыстың сауда саласында еңбек еткен «Еңбек ардагері» медалінің иегері, көп балалы Ардақты ана Нұржамал Жұмашқызы Есполованың «Ана жүрек», жеке кәсіпкер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР еңбегі сіңген қызметкер, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиевтың «Жанкешу» т.б.кітаптарының тұсауы кесіліп, оқырман қауымға жол тартты.

Тұсаукесер рәсімдері Облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Армысың, Атырау!» ақпараттық-танымдық сазды бағдарламасы арқылы қалың жұртшылыққа насихатталды.