«Әсем әуен-халықта»

17

02.10.2017 г.
 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 3 қазан- Халықаралық музыка күніне орай «Әсем әуен-халықта» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, ақпарат сағаты жүргізілді. Көрмеге «Атырау өңірінің музыкалық мұрасы» жинағында өлкеміздің осындай өнер иелерінің үш жүзге жуық таңдамалы ән-күйі 12СD дискіге жинақталған туындылары, киелі өңірден шыққан бір топ өнер майталмандары әнші, күйші, композиторлары туралы өмірбаяндық деректер  жинағы «Саз саңлақтары» (2004) кітабы, Ұлы өнер адамдары жайлы әр жылдары жазылған танымдық мақалалары топтастырылған тарихи тың деректер          Б.Нұржекеұлының «Өнер құдіреті» (2003) кітабы, Б.Қадырбектің «Ән шырқайық» (2011), «Қазақстанның музыка мәдениеті» (1957), «Ақжайық өңірінің музыкалық фольклоры» (2005), Т.Бекхожинаның «Даламның назды саздары» (1996), Х.Қыдырбаевтың «Сиқырлы саз сырлары» (2002), ұлттық музыка мәдениетінің зерттелу дәрежесі, ән, әншілік және орындаушылық дәстүрге байланысты З.Қоспақовтың «Қазақтың әншілік өнері» (1999) кітабы, М.Ахметованың «Ән өнері және уақыт» (1993), «Қазақ музыкасы Т.1,2» (2005), О.Райсовтың «Атырау әнім» (2000), «Қазақ әндері» (2015),  т.б көптеген әдебиеттер қойылып оқырмандар таныс болды.

     Мақсаты: Қазақтың дәстүрлі әндері, күйлері, әрқайсының да тарихы телегей болған таңдамалы туындыларын  насихаттау.