«Жас ақындар» клубының мүшелерімен жүздесу

news 063

18.04.2018 г.

18 сәуір күні Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лаураты, жергілікті ақын, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шәкірті Әлия Дәулетбаева Назарбаев интеллектуалды мектебінің «Жас ақындар» клубының мүшелерімен жүздесті. Қолына қалам алып, өлең жазумен айналысып жүрген оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, оларға бағыт беру мақсатында ынтамен шеберлік сабағын өткізді. Әлия Дәулетбаеваның шеберлік сабағында, алдымен, оқушылар өздерінің сүйіп оқитын ақындарының өлеңдерін жатқа айтты. Кейін 12 сынып оқушылары Молдабаев Досхан, Төлегенов Мирас, 9 сынып оқушысы Жұлдызбаева Алтынгүл, 7 сынып оқушысы Ермек Ақжол Елордамыз Астанаға, туған жерге арнап жазған жыр шумақтарын нақышына келтіре оқыды. Ақын Әлия Дәулетбаева оқушылардың жазбаларына өз бағасын беріп, ұсыныстарын айтты. Кездесуде Мәңгілік елдің арқауына айналған Астананы жырлауда оқушылар өз шығармашылықтарымен таныла алды, шығармашылыққа тың серпін болар мағлұматтармен танысты.

news 061

 

 

 

news 064 news 065news 066news 067news 068news 069