«Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Республикалық Форумы Атырау облыстық балалар кітапханасында жалғасын тапты

news 077

18.04.2018 г.

«Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітапханашылардың Республикалық Форумына қатысушылар Атырау облыстық балалар кітапханасында болып, кітапхананың жұмыстарымен танысты.  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Н.Н.Жолдыбалинов форум жұмысына оң баға беріп, жастарды кітапхана ісінің алдыңғы буын өкілдерінің мол тәжірибелерін үйренуге шақырды. Ерекше қарқынмен дамып келе жатқан сандық форматтағы заманның үрдісіне ілесу, жаңғыру мен жаңару көшінде жаңа белестерді бағындыру - кітапхана мамандарының абыройлы міндеті екендігін атап көрсетті.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы С.С.Сабыр қатысушыларға сертификат тапсырды.

news 078

 

 

 

news 079