«Мәңгілік елдің мәдениеті де биікте тұрмақ»

18.05.2018 ж.

Халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Осыған орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 21 мамыр-Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күніне орай өнер адамдарының өмірі, өнер ұжымдары туралы жан-жақты сипатталған әдебиеттерді оқырмандарға ұсыну арқылы ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды кең көлемде насихаттау мақсатында  «Мәңгілік елдің мәдениеті де биікте тұрмақ» деген тақырыпта  көрмесі жасақталды. Халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетудегі атқарған  жұмыстары туралы, өнер адамдарының өсу, шыңдалу ел таныған өнерпазға айналуы барысындағы творчестволық еңбектері жөнінде баяндалған Ө.Байділдаевтың «Қанатты өнер» (1973) кітабы, Т.Ғабитовтың «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі» (2013), «Өнер майталмандары» (2004), «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» (2004),  Қ.Боқаевтың «Өнерлі өрге жүзер» (1980), С.Өжкеновтың «Атырау- өнер өлкесі» (1983), «Қазақстан өнері» (1990), «Мәдениетке мәртебе» (2003), О.Райысовтың «Атырау-әнім»(2000), «Қазақстанның мәдени ошақтары» (2012),  «Алқалы топтың ажары» (2014) т.б көптеген әдебиеттер оқырмандардың назарына ұсынылды.