«Гүл сезімді ақын»

06.03.2019 ж.

        Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын, жазушы, шежіреші-зерттеуші Мақсұт Неталиевтің туғанына 85 жыл толуына байланысты «Гүл сезімді ақын»  тақырыбымен ақпараттық сағат дайындалып, кітап көрмесі жасақталды.

 Мақсұт Неталиев поэзияға келер алдында екі бірдей үлкен мектептен өтті. Оның бірі – ұстаздық мектебі болса, екінші мектебі советтік баспасөз болды. Теңіз, Атырау, Ақ Жайық өзені – Мақсұт өлеңдерінің өзегі болды. Мұнай мұнаралары, балық базалары оның ойын толқытып, шабытын шақырады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Жырлайды гүлдер» (1966), «Қайдасың гүлім»(1974) , «Менің замандастарым»(1977) деп аталды.  Алпысыншы жылдар басында  Гурьев облыстық «Социалистік құрылыс» , «Батыс Қазақстан» газеттерінің беттерінде  Атырау аймағының байлығын, оның балықшылары мен мұнайшыларының ерлік еңбегін жырлаған, белгілі бір оқиғаларға құрылған өлеңдер  жинағы  жарияланып тұрды.  Ақын соңғы жылдары бірнеше поэма жазды. Олар: «Арыстан еді-ау, Исатай», «Жарас пен Жамал», «Салондағы сурет» , «Мұхиттан ескен жел» т.б. жинақтары дүниеге келді.

Көрмеге қойылған кітаптар: М.Неталиев «Қырдағы  қызғалдақтар» Жазушы-1982, «Көктемім едің»  Жазушы-1980,  «Ұлыма сыр» Жалын-1981, «Солмайды гүлдер» Жалын-1985, бұл жинақта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өмірі, адамдар тағдыры  « Мәнсия»  поэмасы  Совет Одағының батыры Мәншүк Маметоваға арналған.  «Көңілімнің көктемі» Жазушы-1982.  Бұл жинақта «Арыстан еді-у Исатай» деректі поэмасы енген.  «Ақ шуақ» Жазушы-1991, «Мақсұт»  Атырау ақын жазушылар кітапханасы  Арыс-2002,  бұл кітапта «Кіші жүз шежіресі» танымдық-зерттеу еңбегі енгізіліп отыр. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы  Т.Айбергенов шығармалары 3-4 томдары Қазақ энциклопедиясы-2013,   Ә.Жарасқан «Құлпытас» Мер РRESS-2017,    Ө.Әлімгереев «Атырау қаламгерлері» Ағатай- 2014, «Жыр маржаны» 3том Мереке-2014, Қ.Бекбаев «Мұнар күн» Өлке-2000  т.б.

Мақсаты:  Ақын Мақсұт Неталиевтың шығармаларын қалың оқырманға кеңінен насихаттау.